Роналду Мессидің рекордын жаңартты

48

Мадридтік «Реалдың» форварды Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында қатарынан бесінші рет үздік сұрмерген атанып, «Барселоналық» Лионель Мессиден асып түсті, — деп хабарлайды РИА Новости. 4 маусымға қарағанда түні «Реал» Кардиффте өткен финалда «Ювентус» командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Роналду Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға 20-шы минутта доп дарытып, Чемпиондар лигасының үш финалында да гол соққан бірінші футболшы атанды.  64-ші минутта Роналду дубль жасады. 32 жастағы португал жалпы 12 доп соғып, осымен бесінші маусым турнирдің үздік бомбардирі атанды. Бұған дейінгі рекорд Лионель Мессидің еншісінде еді. Ол Чемпиондар лигасының 2008/09, 2009/10, 2010/11 және 2011/12 маусымдарында үздік бомбардир атанған болатын.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.