Спорт және туризм

Роналду Мессидің рекордын жаңартты

The final spritzer

Роналду Мессидің рекордын жаңартты

Мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында қатарынан бесінші рет үздік сұрмерген атанып, "Барселоналық" Лионель Мессиден асып түсті, - деп хабарлайды РИА Новости. 4 маусымға қарағанда түні "Реал" Кардиффте өткен финалда "Ювентус" командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Роналду Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға 20-шы минутта доп дарытып, Чемпиондар лигасының үш финалында да гол соққан бірінші футболшы атанды.  64-ші минутта Роналду дубль жасады. 32 жастағы португал жалпы 12 доп соғып, осымен бесінші маусым турнирдің үздік бомбардирі атанды. Бұған дейінгі рекорд Лионель Мессидің еншісінде еді. Ол Чемпиондар лигасының 2008/09, 2009/10, 2010/11 және 2011/12 маусымдарында үздік бомбардир атанған болатын.

ақпарат көзі tengrinews.kz