Құланның әскерилері топ жарды
Құланның әскерилері топ жарды
Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы облыстық спартакиада жоғары деңгейде өткізілді. Әcкерилер додасы спорттың шағын футбол, волейбол, эстафета түрлері бойынша өткізілді. Жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан 228 спортшы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысында кіші футболдан Қаратау қаласы ішкі істер бөлімінің командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінсе, Т.Рысқұлов ауданынан келген команда екінші орынды, Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің командасы үшінші орынды иеленді. Волейболшылар сынында Тараз қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері жеңімпаз атанса, жаңатастықтар екінші, Т. Рысқұлов ауданынан келгендер үшінші орынды қанжығаларына байлады. Ал эстафеталық сында қордайлықтар қарсыластарынан әлдеқайда мықты екендіктерін байқатса, Т. Рысқұлов ауданының құрамасы екінші орынды, қаратаулықтар үшінші орынды жеңіп алды. Сонымен бұқаралық сипатта өткен жарыстың жалпыкомандалық есебінде 48 ұпай жинаған Т. Рысқұлов ауданының командасы жеңімпаз деп танылса, Қаратау қаласының командасы екінші орын, тараздықтар үшінші тұғырдан көрінді.
Аян Қуат, ТарМУ-дың студенті.