- Advertisement -

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

151

- Advertisement -

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында Елбасы «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 жылғы Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды. Бағдарламаның мақсаты – көптілді оқыту саласындағы Қазақстан Республикасының саясатын жүзеге асыру. Үштілді оқытудың жаңа концептуалды бағдарламасы білімгерлердің мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін тілдік ортаның қалыптасуына бағытталған.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Елбасының «Үш тұғырлы тіл» идеясын қолдау мақсатында Тараз химия-технологиялық колледжінің инженер-оқытушылық құрамы тіл үйрету курстарынан өтіп, ағылшын тілін меңгеруде.
Бүгінгідей егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан шақта қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатыр. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Қазақ үшін туған тілі – жаны.
«Тілсіз халық – балық» демекші, өз тілін білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Оны бәріміз білеміз. Өз тіліңді ардақтай отырып, өзге тілдерді жетік меңгерсең, ол да сенің жетістігің болары сөзсіз. Өйткені қанша тіл білсең, сонша елдің мәдениетін, дәстүрін, тұрмысын білесің.

Ләззат Қоспанова,
Тараз химия-технологиялық колледжінің гуманитарлық бағытындағы циклдік комиссиясының төрайымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support