Жаһан

Қазақстанда кеме жасау-жөндеу зауытын салу жоспарлануда

Қазақстанда кеме жасау-жөндеу зауытын салу жоспарлануда

Қазақстанда Каспий теңізінде Кеме жасау және кеме жөндеу зауытын салу жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында италияндық «Эни» мұнай-газ компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци мәлім етті.

«Біз білімге және жергілікті инфрақұрылымға әрдайым инвестиция жасап келеміз. Жергілікті үлес өте маңызды бағыт болып саналады. Сонымен қатар біз жергілікті индустрияны дамыта отырып, елге инвестиция салуды жалғастыра беруіміз керек», - деді ол.

Сондай-ақ, Клаудио Дескальци бүгін қол қою жоспарланып отырған Каспий теңізінде Кеме жасау және кеме жөндеу зауытын салу жобасы теңіз операцияларын одан әрі дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Келісім құны 400 млн долларды құрайды.

 Ақпарат көзі: www.bnews.kz.