Елбасы 10 елдің инвесторлары үшін визасыз тәртіп енгізілгенін жариялады
Елбасы 10 елдің инвесторлары үшін визасыз тәртіп енгізілгенін жариялады
Қазақстан 10 елдің инвесторлары үшін біржақты визасыз режім енгізді. Бұл туралы бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Инвесторлар үшін визасыз режімге тоқталсақ, бизнес-келісімдерді, халықаралық операцияларды кеңейту үшін визалық кедергілерді жою керек. Бүгін біз Қазақстанда жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 елдің азаматтары үшін біржақты визасыз режімнің енгізілетінін жариялаймыз», - деп хабарлады Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бұл тізімге АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея мен Жапония еніп отыр.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.