Полиция Тараздағы мектеп түлектерінің кортежі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді
Полиция Тараздағы мектеп түлектерінің кортежі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді
Тараз полициясы мектеп түлектерінің кортежі түсірілген видеодағы жүргізушілердің біреуін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Gelandewagen көлігінің жүргізушісінде өзімен бірге ешқандай да құжаттың болмағаны анықталды. Оның көлік куәлігі де жоқ болып шықты. Ер адамға қатысты 3 әкімшілік хаттама толтырылды: адам тасымалдаудағы ереже бұзушылықтар; ешқандай құжатсыз көлік жүргізгені үшін және жүргізуші куәлігі болмай тұра көлік құралдарын басқарғаны үшін. Жолаушылардың аты-жөні анықталып жатыр. Сондай-ақ, Gelandewagen соңынан бара жатқан автобустың жүргізушісі іздестіріліп жатыр", - деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі. Полиция өкілдері айыппұлдың жалпы көлемі шамамен 56 мың теңге болатынын айтып өтті.
ақпарат көзі tengrinews.kz