- Advertisement -

Димаш Қытайдың үздік музыкалық жүлдесінде тағы екі номинацияға ұсынылды

69

- Advertisement -

АСТАНА.ҚазАқпарат — Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының 2 номинациясы бойынша үміткер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шараның ресми веб-сайтында (mtv.com.tw) Димаш «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған. Ал әр аталымда Димаштан өзге тағы 8 үміткер болып отыр.    «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Шара барысында 44 үміткер 10 номинация бойынша жеңімпазды анықтайды. Үміткерлер арасында Қытай эстрадасының жұлдыздары бар. Айта кетейік, «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясында 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіске жеткен болатын. Димаш Қытайдың «Singer 2017» ән байқауынан кейін, Қытайда «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жұлделерін жеңіп алды.

ақпарат көзі kazinform.kz 


Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support