- Advertisement -

Мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті

108

- Advertisement -

Қызылорда қаласында өткен жас мемлекеттік қызметшілердің слеті 300-ге жуық мемлекеттік қызметшілердің басын қосты. Тұңғыш рет өткізіліп отырған ауқымды іс-шара барысында ұйымдастырылған «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың рөлі» атты форумға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов қатысты. Екі күнге созылған слет аясында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппарат құруға аса зор ықылас танытқанына тоқталып, мемлекеттік қызметке білімі мен білігі қатар ұштасқан жастарды тарту мәселесін қозғаса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар туралы сөз етті.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері бұл форумда өңірдегі тарихи-мәдени орындарды аралап, слет аясында спорттық іс-шараларға қатысып, 5 шақырымдық «Адал жол» марафонының куәсі болды.

 

Самғат Мутанов,

облыс әкімдігі дін істері

басқармасының бас маманы.

Тараз-Қызылорда-Тараз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support