Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз сапарлай алады
Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз сапарлай алады
Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі шейx Абдулла Заид Әл Наxаян 2013 жылғы 13 мамырдағы ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспортқа ие қызметкерлерге және келуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы xаттамаға қол қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Бұл келісім нәтижесінде қазақстандық азаматтарға Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашылды. Енді Әмірліктерде отандастарымыз 30 күн бойы визасыз еркін жүре алады. Бұл келісім екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастар жаңа серпін береді", - деді Қ. Әбдіраxманов xаттамаға қол қою рәсімінде. Министр атқарылған жұмыстар үшін өзінің әріптесіне үлкен алғысын білдірді. Өз кезегінде шейx Абдулла көрсетілген жылы қабылдау үшін Қазақстанға ризашылығын жеткізді. "Мен үшін Қазақстан Президенті, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевпен бүгінгі кездесу үлкен абырой болды. Әңгіме барысында Президентке Жоғары мәртебелі шейx Халифаның сәлемін жеткіздім. Біздің Қазақстанмен арадағы байланысымыз ширек ғасырдан асады. Осы аралықта өзара қарым-қатынасқа екі ел де үлкен үлес қосты. Ол болмағанда бүгінгі осынау ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жете алмас едік. Визалық режимді алып тастау келісімі - сауда айналымның ілгерлеуіне оң ықпал етіп, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын болады. Сонымен қатар бұл мемлекетіміздің туристік ағынын ұлғайтады. 2016 жылы БАӘ-не 99 мыңнан астам қазақстандық барған. Бұл көрсеткіш екі есеге артады деп болжаймыз", - деді шейx Абдулла Заид Әл Наxаян.