- Advertisement -

«Тараздың» «Қайратқа» шамасы жетпеді

61

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 13-туры аясында Алматыға қонаққа барған «Тараз» футбол клубының ойыншылары біріншілік фавориттерінің біріне 4:0 есебімен жол берді. Ойын жерлестеріміз үшін жаман басталған жоқ. Алғашқы кезеңде жамбылдық футболшылар адуынды қарсыластың толассыз шабуылдарына тосқауыл қойып, сәті келгенде қарсы шабуылға шығып бақты.
Кездесудің екінші бөлігінде «Қайрат» қаһарына мінді. Алдымен Андрей Аршавин асырған пасқа өзгелерден бұрын жеткен Бауыржан Тұрысбек есеп ашса, ойынның 67-минутында Жерар Гоу мергендігімен көзге түсіп, нәтижені еселеді. Матч соңына таман «Қайрат» футболшылары тағы да екі гол соғып кетті. 80-минутта «Тараз» қорғаушылары Исаэльден көз жазып қалды. Ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланған «Қайрат» футболшысы есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынның аяқталуына екі минут қалған сәтте Жамбыл футбол мектебінің түлегі Бауыржан Исламхан бұрынғы командасының қақпасына 11 метрлік айып добынан гол соғып, ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп 4:0, «Қайраттың» пайдасында. «Тараз» футболшылары алдағы кездесулерде жеңіске жетпесе, турнир кестесіндегі жағдай қиындай бермек.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support