- Advertisement -

Туған жерге туыңды тік

109

- Advertisement -

Облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов жаңадан бой көтерген спорт нысандарын аралады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы рухани болмысымыздың кемелденуіне жол ашқан тағылымды еңбек болғаны белгілі. Аталған бағдарламалық құжаттың «Туған жер» атты тарауында әр азаматтың туған жеріне қызмет етуі, мүмкіндігінше қолдау білдіруі отаншылдық іс екені көңілге қонымды көрсетілген.
Ел ішінде ұлтжанды азаматтар аз емес екен. Соңғы уақыттың өзінде кәсіпкер азаматтардың белсенділігімен Тараз қаласында 5 жеке меншік спорт нысаны пайдалануға беріліпті. Олардың барлығы көрікті, спорт түрлерімен шұғылдануға ыңғайлы. Алда жаздың демалыс күндері келе жатыр. Бұл нысандар мектеп оқушыларының демалыс сәттерін тиімді өткізуіне ықпал ететіні айдан анық. Осы нысандарды облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов БАҚ өкілдерімен бірге аралап көріп, ерекшеліктеріне назар аударды.
Ерқанат Манжуов бастаған топ алдымен Тараз қаласындағы Дүрімбетов көшесіндегі «EA FootbaIIs Arena» кіші футбол алаңында болды. Бұл спорт алаңында тәулігіне 190-200 адамның теңбіл доптың қыр-сырын меңгерулеріне мүмкіндік бар. Нысанның төбесі жабық. Ауа райы қолайсыз кездерде де мұнда жаттығу жұмыстары тоқтап қалмайды. Алаңсыз дайындыққа барлық жағдай қарастырылған. Нысанның қожайыны Дархан Дәуренбеков балаларға осындай қолайлы спорт нысанын салып бергеніне көңілі толатынын айтады.
Мұнан соң Ерқанат Нұрбапаұлы бастаған арнайы топ Әйтеке би көшесіндегі «BodyIines» әйелдер фитнес клубына ат басын бұрды. Меншік иесі Мейіржан Баубеков те мұнда тәулігіне 200 нәзік жандылардың сергектікті серік етуіне мүмкіндіктері бар екенін айтты. Ашылғанына жылға жуық уақыт өткен бұл клубта 4 бапкер еңбек етеді екен. Арнайы спорттық аппараттар Украинадан алдырылыпты. Мұнда спортпен шұғылданушылар ай сайын күндізгі жаттығу үшін – 5, кешкі жаттығу үшін 7 мың теңге төлейді. Осы тұста Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев аталған фитнес клубқа қызығушылық білдіріп, Сарыкемерде де осындай жаттығу залын ашуға ниетті екенін сездіріп, нысанды жалға алған кәсіпкерден бағыт-бағдар сұрады.
Жамбыл даңғылы бойындағы «HAWK TECHNOLOGY» фитнес клубын да аралап көрді. Меншік иесі Сергей Понамарев осы нысанды жалға алып, жұмыс бастағанын, тәулігіне 300 адамның жаттығуына мүмкіндік бар екенін айтып берді.
«Жансая» ықшам ауданында орналасқан «Планета спорт» фитнес клубының меншік иесі – Виктор Синицын. Мұнда ерлерге, әйелдерге және шығыс жекпе-жек түрлерімен шұғылданушыларға арналған жаттығу залдары бар. Тәулігіне 110 адам спортпен еркін айналыса алады. Төлемақы қолжетімді. Виктор бұл нысандарды жалға алып жұмыс жүргізуде. Дегенмен, алдағы уақытта өзінің жеке спорт нысандары болатынына сенімді. Облыс әкімінің орынбасары мұндағы жұмыстарға да ризашылығын білдірді.
Тәуке хан көшесінің бойындағы «DOSTYK LIFE» футбол алаңшасы көріктілігімен алыстан көз тартады. Бұл нысанды Азамат Мырзабеков және Жандос Ахметов деген екі кәсіпкер бірігіп қаржы шығарып салған. Бұл жерде 200 адамға арналған төбесі жабық кіші футбол алаңы бар. Осында 4 киім ауыстыратын бөлме, 4 киім ауыстыратын бөлме келушілерге қалтқысыз қызмет етеді. Жоғары білімі бар 6 жаттықтырушы еңбек етеді. «Осы нысанның құрылысына 40 миллион теңге қаражат жұмсалды. Ол қаражатты Жандос Ахметов екеуміз таптық. Енді тағы осындай бір кіші футбол алаңын салып алсақ деген ниетіміз бар. Көбіне мұнда мектеп оқушылары келіп футбол ойнап машықтанады. Олардың дайындығын көріп, біздің көңілімізді қуаныш кернейді», – дейді жас кәсіпкер Азамат Мырзабеков. Осы тұста Ерқанат Нұрбапаұлы БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
– Біз бүгін жаңадан салынған жеке меншік спорт нысандарын аралап шықтық. Бұл нысандар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалуына мүмкіндік береді. Әсіресе, жас кәсіпкерлер Азамат Мырзабеков және Жандос Ахметов бірігіп салған кіші футбол алаңы жүздеген балалардың арманына жол ашады. Бұл кәсіпкерлер осындай нысан салып беріп, Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасына сәйкес іс жасап отыр. Міне, осындай іскер азаматтардың көбейгені жасөспірімдердің жазғы демалыстарын тиімді өткізуіне әрі жастар арасындағы қылмыстың азаюына ықпал етер еді, – деді Е.Манжуов.
Мұнан соң арнайы топ №12 ықшам ауданындағы «Денсаулық» сауықтыру кешенінде болды. Мұнда бассейн, аквааэробика, жаттығу залы, массаж залы талапқа сай екен. Кешен басшысы Любовь Орлова келушілерге барлық қолайлы жағдай жасалғанын айтты

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support