- Advertisement -

Елімізде алғаш рет өрт сөндірушілер мен құтқарушылар сайысы ұйымдастырылды

117

- Advertisement -

Шымкентте өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасындағы сайыс өтіп жатыр. Бәсекеде еліміздің әр өңірінен келген 15 командамен қатар көрші Ресейдің құтқарушылар тобы да бар. Сайыс шарты бойынша 4 қабатты оқу мұнарасына сатымен өрмелеп шығу және түрлі кедергілер арқылы 100 метр қашықтыққа жүгіру керек. Аталған жарыс екі күнге созылады. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған сайыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп отыратын болады. Ұйымдастырушылар шараның салауатты өмір салтын насихаттауда әрі қатысушылардың шеберлігін шыңдай түсулеріне беретін мүмкіндігі мол дейді. Марат Саликов, аға өрт сөндіруші (Астана): – Өрт сөндіру авариялық құтқару болғанда қолданамыз. Оңай да, қиын. Аптасына алты рет жаттығамыз. Күніне екі рет жаттығу болады. Жаттықтырушыға алғысымыз шексіз, осындай жеңіске жетіп жатырмыз. Нұрболат Дербісов, ОҚО ТЖД басшысы: – Өрт болған жерде біздің жұмыстың бірінші ерекшелігі жылдамдықта қалайды. Сол жылдамдыққа баулиды. Жастардың біздің мамандыққа деген қызығушылығын тудырады. Мектеп оқушылары жасөспірімдер қыздар қатысып отыр. Мұның тәрбиелік маңызы зор.

ақпарат көзі 24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support