- Advertisement -

EXPO кезінде Оңтүстік Кореяны танымал актер таныстырады

97

- Advertisement -

Оңтүстік Корея Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне өз елшілерін тағайындады. Олар – таңғы самал елінде және шетелдерде танымал актер мен мультфильм кейіпкері. Оңтүстік кореялық павильонға еріктілер де таңдалып алынған. Сеулде еріктілер тобы «ЭКСПО» көрмесіне қызу дайындықты бастап кетті. Мұнда қазақ және орыс тілдерінде берілетін дәрістер мен баламалы қуат тақырыбына арналған сабақтар жиі өтеді. Астанада Оңтүстік Кореяны таныстыру үшін жергілікті және шетелден келген студенттер бір ай бұрын іректеуден өтті. Байқаудың міндетті шарттарының бірі қазақ, корей, ағылшын және орыс тілдерін білуі керек. Чой Ен Сон, ерікті: – Емтиханның екі түрінен өтуге тура келді. Біріншісінде өзім туралы айтып бердім. Екінші сынақ кезінде шет тілдерінен тапсыруым керек болды. Қызығы сол, емтихан тапсырған төрт адамның ішінде тек мен ғана қазақша сөйледім. Мені сол үшін таңдаған шығар деп ойлаймын. Еріктілердің ұстанымы күшті. Олар «ЭКСПО» көрмесі кезінде Оңтүстік Кореяны лайықты түрде таныстыратындарына сенімді. Бұл құрметке «Пороро» мультфильмінің кейіпкері мен актер Сон Кан Джун ие болды. Со Кан Джун, актер: – Былтыр қыркүйекте мен Қазақстандағы жанкүйерлеріммен кездескен едім. Олардың маған деген жылы сезімі және махаббаты есте қалды. Ал биыл Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне Оңтүстік Корея павильонының елшісі болу бақыты бұйырып тұр екен. Мен енді елімнің энергетикалық технологиялары туралы айтып, өнерімді көрсетемін деп жоспарлап отырмын. Сондықтан павильонымызды көруге шақырамын. 30 мамырда еріктілер Астанаға ұшады. Жаздың үш айында олар келушілерді кореялық қуат үнемдеуіш технологиялармен таныстырады. Сонымен қатар Қазақстанды шарлап, саяхат жасайды. Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

ақпарат көз 24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support