- Advertisement -

Бір тәулікте 8 үй салатын роботтар шығарылады

130

- Advertisement -

Дубайдағы ірі девелоперлік компания дайын үйлер жасайтын роботталған зауыт ашуды жоспарлап отыр. Дереккөз: Naryk.kz

Көрнекі сурет

Үй құрылысында робототехниканы пайдалану үлкен жетістік”, – дейді кәсіпорын басшысы Фэйцал Коттиколлон. 2018 жылдың күзінен бастап кәсіпорындағы бір роботтың өзі тәулігіне сегіз ғимаратқа (вилла мен таунхаустар) дейін салмақ. Өндіріс 40 мың шаршы метрлік аймақта қолға алуды көздеп отыр.

Кәсіпорын өзінің роботтарын жасауда көптеген технологияны Tesla компаниясының үлгісінде жасаған.

“Біз төртінші өнеркәсіптік төңкеріске аяқ бастық. Алдағы уақытта құрылысшы роботтардың жұмыс істеуі қалыпты нәрсеге айналмақ. Жаңа тәсіл жұмыс күшін үнемдеп, қоршаған ортаның ластануына тосқауыл болады”, – дейді кәсіпкер.

Болшақта роботтар дап-дайын үй салып береді. Сыртқы құрылыстан бастап ішкі әрлеу жұмыстарына дейін барлығын роботтар автоматты түрде жасайды. Алдағы уақытта осындай тәсілмен аурухана, қонақүй мен әлеуметтік нысандар салынатын болады.

Сондай-ақ бұл технология 2020 жылы өтетін ЭКСПО көрмесі кезінде туристерді үймен қамту үшін пайдаланылмақ.

 ақпарат көзі zhambylnews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support