Toyota ұшатын көлік жасаумен айналысуда
Toyota ұшатын көлік жасаумен айналысуда
Жапондық автомобиль концерні жолда қалқып ұшып жүретін автомобиль жасаумен айналысуда.
Компанияның техникалық топ басшысы Хиройоши Йошикидің айтуынша, жасалып жатқан көлік кәдімгідей ұшпайды, тек жолда үйкелісті азайту, көлік тиімділігін арттыру үшін сәл көтеріліп, қалқып жүреді. Toyota компаниясының ең озық жасалымдарының бірі болмақ жобаны қашан қолға алғаны, қанша уақытқа созылады, сериялық үлгілері қашан шығады деген сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беруден бас тартты. Бұдан бұрын Toyotaның сутегімен жұмыс істейтін отын элементтерімен жүретін көлікті сатуды жыл аяғында бастайтыны белгілі болған еді. Жапондық Japan Times газеті атап өткендей, оның құны 78 мың доллар болмақ, алайда келесі онжылдықтың басында баға 30 мың және 50 мың долларға дейін түсуі мүмкін.