- Advertisement -

Ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуде

90

- Advertisement -

IMG_0732Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру!» атты автокеруен өңіріміздің түкпір-түкпірін аралап, аудан орталықтары мен елді мекендерінде, барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Автокеруен құрамына облыстық прокуратура, облыс әкімдігінің бірқатар басқармалары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департаменті, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының өкілдері мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Көкшетау облыстарының жоғары оқу орындарынан арнайы келген өкілдер қамтылған.
Топ мүшелері бүгінге дейін Жамбыл, Жуалы, Байзақ аудандарында болды. Үш күннің ішінде аудан халқымен кездескен олар жастар мен тұрғындарды мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, тегін медициналық скринингтік тексерулерден өткізу, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және өзге де салалар бойынша өзекті мәселелерімен қабылдап, көкейлеріндегі сауалдарға жан-жақты жауаптар берді. Аталмыш аудандардың кейбір ауылдық округтерінде де кездесулер өтіп, ауыл жастарымен кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында ақпараттық-әдістемелік материалдар үлестіріліп, мастер-кластар, толеранттық және діни тақырыптар төңірегінде театрландырылған көріністер көрсетілді. Автокеруен облысымыздың өзге де аудандарында болып, кездесулер, қабылдаулар ұйымдастыратын болады.

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support