Басты жаңалық

Метро стансалары әлемдік футбол командаларының атымен өзгертіледі

The final spritzer

Метро стансалары әлемдік футбол командаларының атымен өзгертіледі

Бейжіңде футболдан әлем чемпионатына қатысатын командалардың құрметіне метрополитеттің 32 стансасының атауы өзгертіледі.

Атын өзгерту метроның 35 стансаны қосып отырған төртінші тармағына қатысты. Қалған үш станса «Шынайы жарыс», «Спорттық жетістік» және «Жыл футболисі» деп аталатын болады. Жерасты жолының төртінші тармағы қаланың батыс жағында орналасқан және ол төрт аудан арқылы өтеді. Стансалардың аттары жазылған тақталарда сол құрама команда жайлы тарихи анықтама беріледі. Әзірге белгілісі - «Ренмин университеті» стансасы «Бразилия», «Сичжимэнь» стансасы «Аргентина», «Суанвумень» стансасы «Нидерланды», «Сидань» «Испания» болып ауыстырылатыны.