Футбол жанкүйері үйіне 300 ту іліп қойды
Футбол жанкүйері үйіне 300 ту іліп қойды
Ағылшын құрамасының жанкүйері Тони Баддамс Бразилияда футболдан өтетін әлем чемпионатына шығатын ұлттық құраманы қолдайтынын ерекше тәсілмен білдіргісі келді.
46 жасар ер адам өз үйіне Англия құрамасының 300 туын және рәміздер бейнеленген жейделер іліп қойды, деп жазады Mirror. «Мұндай оқиға төрт жылда бір-ақ рет болады, сондықтан сүйікті командаларымызға барынша қолдау көрсеткеніміз жөн», - дейді жанкүйер.