- Advertisement -

«База Сервистің» өнімі бәсекеге қабілетті

109

- Advertisement -

Еліміз, оның ішінде облысымызда мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында көптеген жаңа кәсіпорындар іске қосылып, нарықта өтімтал әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруда.

IMG_3595 IMG_3714 IMG_3652Солардың бірі – Байзақ ауданындағы Үшбұлақ стансасының маңындағы құмблок, қаптайтын материал және брусчатка шығаратын «База Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы екінші деңгейлі банктерден 4 пайыздық өсіммен алған 265 миллион теңге несиеге Оңтүстік Кореядан жаңа жабдықтар сатып алған. Қазірдің өзінде алған қарызының 80 пайызын жапқан. Бұл технологияның артықшылығы көп. Өнім өндіру үдерісінің 90 пайызы автоматтандырылған. Цехта иленген ерітінді қалыптарда құйылып, арнайы камераларда екі жарым сағат кептіріледі. Дайын материалдар бірден жүк көліктеріне тиеледі. Бұған қоса кәсіпорынның 5 бірлік техникасы бар.
Бүгінде мұнда күнделікті тегіс, бүдірлі, сондай-ақ қызыл, сары, қара, қоңыр және жасыл түсті 5 мың данаға жуық құмблок шығарылады. Оны облыс тұрғындары аулаларын қоршау, ғимараттар салу үшін сатып алады. Сәндік әрі сапасы жоғары тауарлар облыс тұрғындарына өткеріледі. Қазір мұнда 30-ға тарта адам тұрақты жұмыс істейді. Олардың дені – Байзақ ауданының тұрғындары.

Қыста олар құрылыс материалдарын әзірлейді және техника жөндейді. Орташа айлық 60 мың теңгені құрайды. Кәсіпорында жылына 1 миллионға жуық құмблок шығарылады. Жұмысшылар күнделікті бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған және үйлеріне апарып, әкелуге арнайы көлік бөлінген.

– Нарық заңы – қатал. Сондықтан да кәсіпорынды көп салалы етіп құруға күш салудамыз. Серіктестік ауласында көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы жүргізілуде. Ол осы күзде пайдалануға беріледі. Өсірген өнімдерін осында сақтауға Байзақ ауданының дихандарынан қазірдің өзінде көптеген тапсырыстар түсуде. Ол іске қосылған кезде 10 жұмыс орны ашылады. Бұған қоса аудан аумағынан 20 гектар жер алып, оған 300 түп алма көшетін отырғыздық. Алма бақ тамшылатып ылғалдандырылатын болады. Бұл жерге келешекте тағы да жүздеген түп жеміс көшеттері егіледі, – дейді «База Сервис» ЖШС директоры Рүстем Сейдахмет.

Байзақ ауданы.

Суреттерді түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Ақылжан мамыт,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support