Жамбыл
Жамбыл
Жұма теміржол бекетіндегі «Жәнібек» ат спорты кешенінде ат спортынан атақты көкпаршы, аударыспақтан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, өмірден ерте кеткен Жәнібек Әбдікерімовті еске алу турнирі болып өтті. Оған облысымыздың бірнеше ауданынан көкпар командалары қатысып, бас жүлдені Жәнібектің жерлестері жамбылдық шабандоздар жеңіп алды. Ал, аударыспақтан ақтық сында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Біржан Қосалиев пен Шығыс Қазақстан облысының сайыскері Ермек Жапишов кездесіп, ақырғы минутта Біржан басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.