Денсаулық

Әулиеаталықтардың жәрмеңкесі

Әулиеаталықтардың жәрмеңкесі

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және Жамбыл облысы мен Алматы қаласы арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту аясында үстіміздегі жылдың 6 мамыры күні Алматы қаласының Астана орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

алматылықтарды арзан әрі сапалы азық-түлікке қарық қып тастады

IMG_7534 IMG_7449Облысымыздың тауар өндірушілерінің қатысуымен өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде тұтыну-шыларға жалпы құны 171,1 миллион теңгені құрайтын 216,1 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 37 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 11 тонна шұжық өнімдері, 21,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 5,5 тонна өсімдік майы, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 7 тонна балық, 2,5 тонна бал, 2 тонна кептірілген жеміс және 103,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарықтағыдан 8-20 пайызға төмен бағамен өткерілді. Сондай-ақ, бұл күні өңіріміздің өнерпаздары алматылықтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Өңіріміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін Алматы қаласына жеткізу жұмыстары 11 рефрижератор және тауар өндірушілерді тасымалдауға арналған 2 автобуспен қамтамасыз етілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.