Абель Санчес: Головкин әлсіреді дейтіндер солай ойлай берсін
Абель Санчес: Головкин әлсіреді дейтіндер солай ойлай берсін
Бапкер Абель Санчес Yahoo Sports басылымына берген сұхбатында қазақстандық шәкірті Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегіне дайындығы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегіне дайындығының америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегіне дайындығына қарағанда өзгеше болатынын айтып отыр. "Головкин әлсіреді дейтіндер солай ойлай берсін. Әркімнің өз пікірі бар, Джейкобспен жекпе-жегіміз Golden Boy-ға сенімділік бергенін айта аламын. Алайда менің залымда не бар екенін білемін және олардың Чавеспен жекпе-жегінде қандай қиындықтарға тап болғанын білемін", - дейді маман. Сонымен қатар, бапкер "Канелоның" төзімді бола түскенін айтады. "Альварес соққы жасауы мүмкін, себебі оның қолы жылдам, қазір ол рингте бұрынғысына қарағанда еркін жүреді. Психологиялық тұрғыда да төзімділеу. Бірақ біз Джейкобспен кездесуге ірілеу жігіттерді спаррингке тарқан болсақ, "Канеломен" жекпе-жекке аз дайындық жасаймыз және мұның маңызы айтарлықтай емес", - деп келтіреді VRinge.com Санчестің сөзін. Айта кетейік, Головкиннің "Канелоға" қарсы жаттығу лагері шілде айының орта тұсында басталады. Ал мексикалық екі аптадан кейін жаттығуға оралуды көздеп отыр. Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр.
ақпарат көзі tengrinews.kz