- Advertisement -

Путин «Кеңес одағы соғыста жеңіліс тапса не болар еді?» деген сұраққа жауап берді

72

- Advertisement -

Ұлы Отан соғысында жеңіліс болса оның салдары Ресей үшін Еуропа елдеріне қарағанда қиын болар еді, деп есептейді РФ презиенті Владимир Путин. Бұл туралы ол Кремльде Жеңіс күніне орай салтанатты шара кезінде сөйлеген кезінде мәлімдеді. «Жеңілсек, Еуропа елдеріне қарағанда қиын жағдайға душар болар еді. Себебі еліміз сұмдық қасіретке ұрынса біз Еуропаның көптеген елі секілді жеңіліс тапсақ, Еуропа құрлығындағы құлдыққа түскен елдерден де қиын жағдайға душар болар едік», — деп мәлімдеді Путин. Оның айтуынша, жеңіліс болған жағдайда бұл ресейлік ұлтты жойып жіберу қатерін төндірер еді. Ал құлдық өндірісте қолданылмағандар, РФ басшысының айтуынша, жойылатын еді немесе жетуге жолы қиын аймақтарға көшірілер еді.    «Екінші Дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысы жайлы ақиқат туралы сөз қозғағанда біз әрдайым осыны есте ұстауымыз қажет», — деп мәлімдеді Владимир Путин.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support