- Advertisement -

ТІЛЕУЖАН БИДІҢ БАЛАСЫ

122

- Advertisement -

Без-имени-4майдангер Әшімқұл тілеужанов партия қатарынан неге  шығарылды?

Әшімқұл Тілеужан бидің жеті ұлының ең кенжесі. Әкесі оны бала кезден-ақ жанынан тастамай талай дау шешілетін жиындарға, той-томалақ пен астарға бірге алып баратын. Бәлкім содан болар Әшімқұл да сөзге шешен болып өсті. Әкесі Тілеужан би «домалатпай» дертіне шалдығып, содан көз жұмды. Бұл науқас баласын да әбден айналдырды. Бірақ, осы емшінің шипасы тиіп, дертінен тез жазылып кетті. Әшімқұл «Қанай жары» деген қоныста дүниеге келіп, ауыл-аймақты аштық қысқан шақта қырғыз ағайындарға барып сауғалап, аман қалады.

Әшімқұлды 1939 жылы әскер қатарына шақырады. Ол алғаш Новосибирск қаласы маңындағы Бредскіде әскери мектепте оқып, фин соғысына аттанады. Карель түбегінде соғысқа қатысып, 1940 жылдың мамыр айында қысқа мерзімді демалыс алып ауылына келеді. Дәл осы тұста неміс фашистері Кеңес өкіметіне соғыс жариялайды. Мұздай құрсанған жауды Львов түбінде қарсы алады. Батальон Батыс Украин майданы құрамында Днепрден өтіп, Балыко бекетіне жетеді. Немістер бұл кезде Харьков қаласын қоршап алған. Командование қаланы жау қолына бермеу туралы бұйрық береді. Бұлар жан аямай соғысады. Осы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Әшімқұл Тілеужанов ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен наградталады.

Майдангер 216-шы атқыштар дивизиясының 656-шы артиллериялық полкінің құрамында соғысып, «Кавказды қорғағаны үшін» медалін омырауына тағып, қысқа мерзімді демалыс алып, ауылы Ақсуға келеді. Бұл келгенде бауырлары Қасымбек пен Ниязалы майданда, ал Алтынбек бауыры ауылға келіп қаза болған екен. Ол ауыр қазаны естіп, батальонына қайтып оралады. Осы кезде әскери құрама Венгрияны жау қолынан азат ету жолында қиян-кескі шайқастар жүргізіп жатқан. Ол аянып қалмады. Тағы да ерлік көрсетті. Сөйтіп, екінші мәрте ІІ дәрежелі Даңқ орденін кеудеге тақты. Әшекең Жеңісті Австрия жерінде қарсы алды. Елге жеңіспен оралып, қарашада аупарткомға нұсқаушы болып қызметке кірді. Аудандық партия комитетінің аппаратында ол кезде өзі сияқты майдангерлер Естемес Бектаев, Жақа Масатбаев, Тазабек Әлімбеков, Саттар Сауытбеков қызмет істейтін.

Бейбіт өмірде Әшекеңді көре алмаушылар табылды. Ол сөйтіп, «Ақтөбе» колхозына бастықтың орынбасары болып кетті. Бірақ, «сен байдың баласы екеніңді жасырдың» деп айып тағушылар оны әйтеуір партиядан шығарып тынды. Қан майданда жүріп партия қатарына өткен жауынгер үшін бұл барып тұрған қорлық еді. Бірде ол Жамбылға жиналысқа келді. Оның омырауындағы ордендерін көріп, өтіп бара жатқан бір кісі: «Бауырым, омырауың толған орден екен, бірақ қабағың неге салыңқы?» деп сұрайды, өзін Қызылорда облыстық партия комитетінің хатшысы деп таныстырған Ерлепесов деген азамат. Әшімқұл болған жайды баяндайды. Ол: «Онда сен Шаяхметов жолдастың өзіне тікелей, орыс тілінде арыз жаз», – дейді. Өзі сол арызды орысша жазуға көмектеседі. Арада екі ай өткенде мұны ОК-ға шақырады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Шаяхметовтің өзі қабылдап: «Мынадай жігітті партия қатарынан кім шығарды? Немедленно восстановить!» дейді ашуға мініп.

Ауылға келген соң көп ұзамай аупартком хатшысы да, басқалар да орнынан босатылады. Мұны партия қатарына қайта алып, Каганович колхозына орынбасарлыққа жібереді. Міне, Әшекең осылайша от пен суға түсіп жүріп өзінің нағыз Отанға берілген азамат екенін қорғап қалады. Ол кісінің өмірден өткеніне де он-он бес жылдың жүзі болып қалды. «Орнында бар оңалар» демей ме, Мұраты мен Бақыты да қазір зейнет жасында. Немересі Болаты – белгілі кәсіпкер, бәрі де әкесіне тартқан. Батыр дейсіз бе, би дейсіз бе, қалай айтсаңыз да жарасады. Елге сыйлы, ағайынға қадірлі.

Иә, Әшімқұл ата тірі болғанда бүгін 100 жасқа келер еді. Енді ұл-қыз­дары оған құран бағыштап, ас беріп, ат шаптыруды ойлап отыр. Өйткені, әруақты разы қылу қай қазақ­тың да әке алдындағы парызы ғой.

Сейсен Қожеке,

журналист.

Шу ауданы.

Әшімқұл Тілеужан бидің жеті ұлының ең кенжесі. Әкесі оны бала кезден-ақ жанынан тастамай талай дау шешілетін жиындарға, той-томалақ пен астарға бірге алып баратын. Бәлкім содан болар Әшімқұл да сөзге шешен болып өсті. Әкесі Тілеужан би «домалатпай» дертіне шалдығып, содан көз жұмды. Бұл науқас баласын да әбден айналдырды. Бірақ, осы емшінің шипасы тиіп, дертінен тез жазылып кетті. Әшімқұл «Қанай жары» деген қоныста дүниеге келіп, ауыл-аймақты аштық қысқан шақта қырғыз ағайындарға барып сауғалап, аман қалады.Әшімқұлды 1939 жылы әскер қатарына шақырады. Ол алғаш Новосибирск қаласы маңындағы Бредскіде әскери мектепте оқып, фин соғысына аттанады. Карель түбегінде соғысқа қатысып, 1940 жылдың мамыр айында қысқа мерзімді демалыс алып ауылына келеді. Дәл осы тұста неміс фашистері Кеңес өкіметіне соғыс жариялайды. Мұздай құрсанған жауды Львов түбінде қарсы алады. Батальон Батыс Украин майданы құрамында Днепрден өтіп, Балыко бекетіне жетеді. Немістер бұл кезде Харьков қаласын қоршап алған. Командование қаланы жау қолына бермеу туралы бұйрық береді. Бұлар жан аямай соғысады. Осы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Әшімқұл Тілеужанов ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен наградталады.Майдангер 216-шы атқыштар дивизиясының 656-шы артиллериялық полкінің құрамында соғысып, «Кавказды қорғағаны үшін» медалін омырауына тағып, қысқа мерзімді демалыс алып, ауылы Ақсуға келеді. Бұл келгенде бауырлары Қасымбек пен Ниязалы майданда, ал Алтынбек бауыры ауылға келіп қаза болған екен. Ол ауыр қазаны естіп, батальонына қайтып оралады. Осы кезде әскери құрама Венгрияны жау қолынан азат ету жолында қиян-кескі шайқастар жүргізіп жатқан. Ол аянып қалмады. Тағы да ерлік көрсетті. Сөйтіп, екінші мәрте ІІ дәрежелі Даңқ орденін кеудеге тақты. Әшекең Жеңісті Австрия жерінде қарсы алды. Елге жеңіспен оралып, қарашада аупарткомға нұсқаушы болып қызметке кірді. Аудандық партия комитетінің аппаратында ол кезде өзі сияқты майдангерлер Естемес Бектаев, Жақа Масатбаев, Тазабек Әлімбеков, Саттар Сауытбеков қызмет істейтін. Бейбіт өмірде Әшекеңді көре алмаушылар табылды. Ол сөйтіп, «Ақтөбе» колхозына бастықтың орынбасары болып кетті. Бірақ, «сен байдың баласы екеніңді жасырдың» деп айып тағушылар оны әйтеуір партиядан шығарып тынды. Қан майданда жүріп партия қатарына өткен жауынгер үшін бұл барып тұрған қорлық еді. Бірде ол Жамбылға жиналысқа келді. Оның омырауындағы ордендерін көріп, өтіп бара жатқан бір кісі: «Бауырым, омырауың толған орден екен, бірақ қабағың неге салыңқы?» деп сұрайды, өзін Қызылорда облыстық партия комитетінің хатшысы деп таныстырған Ерлепесов деген азамат. Әшімқұл болған жайды баяндайды. Ол: «Онда сен Шаяхметов жолдастың өзіне тікелей, орыс тілінде арыз жаз», – дейді. Өзі сол арызды орысша жазуға көмектеседі. Арада екі ай өткенде мұны ОК-ға шақырады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Шаяхметовтің өзі қабылдап: «Мынадай жігітті партия қатарынан кім шығарды? Немедленно восстановить!» дейді ашуға мініп.Ауылға келген соң көп ұзамай аупартком хатшысы да, басқалар да орнынан босатылады. Мұны партия қатарына қайта алып, Каганович колхозына орынбасарлыққа жібереді. Міне, Әшекең осылайша от пен суға түсіп жүріп өзінің нағыз Отанға берілген азамат екенін қорғап қалады. Ол кісінің өмірден өткеніне де он-он бес жылдың жүзі болып қалды. «Орнында бар оңалар» демей ме, Мұраты мен Бақыты да қазір зейнет жасында. Немересі Болаты – белгілі кәсіпкер, бәрі де әкесіне тартқан. Батыр дейсіз бе, би дейсіз бе, қалай айтсаңыз да жарасады. Елге сыйлы, ағайынға қадірлі. Иә, Әшімқұл ата тірі болғанда бүгін 100 жасқа келер еді. Енді ұл-қыз­дары оған құран бағыштап, ас беріп, ат шаптыруды ойлап отыр. Өйткені, әруақты разы қылу қай қазақ­тың да әке алдындағы парызы ғой.
Сейсен Қожеке,журналист.
Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support