ҚР мен РФ Президенттері Астана процесінің кезекті раундының нәтижелерін талқылады
ҚР мен РФ Президенттері Астана процесінің кезекті раундының нәтижелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары Астанада биылғы 3-4 мамырда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
ақпарат көзі inform.kz