- Advertisement -

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуі тиіс — Тимур Кұлыбаев

96

- Advertisement -

АСТАНА.ҚазАқпарат — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық банкті базалық мөлшерлемені төмендетуге үндеді. Осының арқасында отандық кәсіпкерлер ЕАЭО аясындағы бәсекеге төтеп бере алады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. «Біз өзіміздің Ұлттық банкімізді белсенді, тіпті аса белсенді болуға шақырамыз. Егер Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға түсірсе, онда біз одан да төмен мөлшерлемені қоюымыз қажет. Қазақстандық кәсіпкерлерде бір басымдық болуы керек қой», — деді Құлыбаев Жамбыл облысында өткен кездесу кезінде. Айта кетейік, биыл 28 сәуірде РФ Орталық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ал Қазақстанда базалық мөлшерлеме 11 пайызды құрап отыр. Бүгінде осы мөлшерлеменің көлемі халық алатын несиелердің мөлшерлемесіне де тікелей әсер етеді. Себебі екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктің қаражатын базалық мөлшерлемемен қарызға алып отырады.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support