- Advertisement -

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

53

- Advertisement -

Синоптиктер 2017 жылдың 4-6 мамырында елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» кәсіпорнына сілтеме жасап Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айының ауа райы тұрақсыз. Егер 2 мамырда Шығыс Қазақстанда қар және кей жерлерде бұрқасын байқалса, алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен ауа температурасы 20…27 градусқа дейін жоғарлайды. «Еділден қайтадан Қазақстан аумақтарына суық атмосфералық фронттар жылжиды. Олардың батыстан шығысқа қарай жылжуына байланысты, республикамыздың көптеген облыстарында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ және температураның төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз. Бұл өңірлерде ауа температурасы әзірге жоғарлайтын болады», — деп хабарлады мамандар.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support