Меркі
Меркі
«7.7. TV» Меркіден қосынын ашты Сәуір айынан облыстық «7.7. TV» арнасының жарнама агенттігі мен тілшілер қосыны Меркі ауданында өз жұмысын бастап, ауданға қызмет көрсете бастады. «Otau tv» спутниктік жерсерігі арқылы 16 сағат хабар тарататын, оны 44-46 каналдары арқылы көре алатын меркіліктер енді әртүрлі роликтер түсіруге, құттықтаулар беруге, ақ тілектер жолдауға, жарнама беруге, жүгіртпе жолдарға, бизнесін жүргізу үшін хабарламалар беруге Тараз қаласына бармай-ақ, Меркідегі қосынымен хабарласып, шаруаларын рәсімдей алады.