- Advertisement -

Көрермендер көзайымы

103

- Advertisement -

1 мамырдан бастап «Қазақстан-Тараз» телеарнасы тәулігіне 17 сағат көрсету кестесіне көшті. Бұған дейін тәулігіне эфирден 14 сағат бойы хабар тарататын «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңа маусымға өз дайындықтарын осылайша бастап та кетті.

Осыған орай, телеарна имиджін көтеру үшін бірнеше жаңа бағдарламалар эфирге жолдама алды. Олардың қатарында қыз-келіншектердің, әйелдердің тұлғалық деңгейін көтеріп, нәзік жандардың өміріне қатысты, жалпы әйелдерге қажетті пайдалы кеңестер беріліп, сұлулық пен сыр-сымбатты насихаттауды мақсат еткен «Әйелдер-ай» деген жаңа бағдарламаны айтуға болады. Редакторлары Мөлдір Нұрланқызы мен Қырмызы Жексенбекқызы.
Сондай-ақ, барлық деңгейдегі депутаттар өмірін, олардың қоғамдық қызметін жан-жақты көрсету үшін «Мәслихат мәртебесі» эфирге шыға бастады. Хабардың редакторы Гүлнұр Құланбаеваның да өз шығармашылық ізденісі бар.
Ал «Өнер-Зерде» хабары рухани жаңғыру мен мәдени мұралардың ұлттық құндылықтарын арқау етеді. Бұл – белгілі тележурналист Ғайни Әлімбекқызының авторлық жобасы. «Қазақстан-Тараз» көрермендерін әлі де сүбелі дүниелерімен қуанта беретін болады.
Республикалық «Қазақстан» телерадио корпорациясының басшы-лығының қолдауы мен тапсырмасына сәйкес ізденіс нәтижелері ең әуелі, телеарна қызметін жандандырумен өз жемісін беретін болады. Жаңадан енгізілген рухани-танымдық бағдарламалар телеарна көрсетілімдеріне көрермендердің ішкі қызығушылығын туғыз-атыны анық.
Жақында телеарнада тағы да 2 студия ашылып, жаңа бағдарламалар түсірілетін болады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support