Көрермендер көзайымы
Көрермендер көзайымы
1 мамырдан бастап «Қазақстан-Тараз» телеарнасы тәулігіне 17 сағат көрсету кестесіне көшті. Бұған дейін тәулігіне эфирден 14 сағат бойы хабар тарататын «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңа маусымға өз дайындықтарын осылайша бастап та кетті.
Осыған орай, телеарна имиджін көтеру үшін бірнеше жаңа бағдарламалар эфирге жолдама алды. Олардың қатарында қыз-келіншектердің, әйелдердің тұлғалық деңгейін көтеріп, нәзік жандардың өміріне қатысты, жалпы әйелдерге қажетті пайдалы кеңестер беріліп, сұлулық пен сыр-сымбатты насихаттауды мақсат еткен «Әйелдер-ай» деген жаңа бағдарламаны айтуға болады. Редакторлары Мөлдір Нұрланқызы мен Қырмызы Жексенбекқызы. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі депутаттар өмірін, олардың қоғамдық қызметін жан-жақты көрсету үшін «Мәслихат мәртебесі» эфирге шыға бастады. Хабардың редакторы Гүлнұр Құланбаеваның да өз шығармашылық ізденісі бар. Ал «Өнер-Зерде» хабары рухани жаңғыру мен мәдени мұралардың ұлттық құндылықтарын арқау етеді. Бұл – белгілі тележурналист Ғайни Әлімбекқызының авторлық жобасы. «Қазақстан-Тараз» көрермендерін әлі де сүбелі дүниелерімен қуанта беретін болады. Республикалық «Қазақстан» телерадио корпорациясының басшы-лығының қолдауы мен тапсырмасына сәйкес ізденіс нәтижелері ең әуелі, телеарна қызметін жандандырумен өз жемісін беретін болады. Жаңадан енгізілген рухани-танымдық бағдарламалар телеарна көрсетілімдеріне көрермендердің ішкі қызығушылығын туғыз-атыны анық. Жақында телеарнада тағы да 2 студия ашылып, жаңа бағдарламалар түсірілетін болады.
«Ақ жол-Ақпарат».