- Advertisement -

Желбіретіп бейбітшілік байрағын

98

- Advertisement -

Анашымның мейіріміндей дауалы,
Мамыр келсе нұрға бөлер ауаны.
Қалың бұлттың қабырғасын сөгілтіп,
Нөсерлетіп жылы жаңбыр жауады.

Жұпар исін бұрқыратып гүлінен,
Жамыраған қозылардың үнімен.
Мамыр келсе қызғалдақтар ән шырқап,
Жапырақтар би билейді түнімен.

Мамыр келсе жалын атып жанары,
Жазар дәйім жүректегі жараны.
Періштедей иман жүзді күлімдеп,
Шақырады махаббаттың аралы.

Бұлақ күліп, тау қуанып қарайды,
Бақыт тілеп таң да атады арайлы.
Достық, бірлік шапағаты мамырда,
Күннің ыстық сәулесімен тарайды.

Желбіретіп бейбітшілік байрағын,
Гүлге орап туған жердің аймағын.
Мамыр келсе тойлатады түрлі ұлт,
Ынтымақтың уыздай бал қаймағын!

Шырын Мамасерікова,
ақын.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support