- Advertisement -

Менің Отаным – Қазақстан!

129

- Advertisement -

Марина Нестерова,
дерматовенеролог-дәрігер, поликлиника меңгерушісі.

Кіндік қаның тамған жердің адамға соншалықты ыстық екені де рас. Соңғы күндерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы туралы көбірек ойланатын болдым. Бұл – туған өлкем, балғын балалық шағым өткен Алматымды сағынғанымнан шығар, сірә.
Президент айтқандай, біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Ал Отан деген аса кең ұғым. Мен 1981 жылы сәуір айында Алматы қаласында дүниеге келдім. Бала кезімнен әкем маған Отан алдындағы борышты өтеу туған жерге кіндік қаны тамған әр пенденің мойнындағы парызы деп жиі айтып отыратын. Әкем – құрылысшы, анам – инженер болып қызмет еткен еңбекқор жандар. Ата-анама қарап бой түзеп, білімді болуды көздедім. Сол үшін білім алып, жақсы маман болсам деп армандадым.
Мен ақ арманыма қарай 1998 жылы Алматы қаласындағы №114 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп табалдырығынан аттаған кезде бір қадам жақындай түскен едім. Аталған мектепті үздік бітіріп, Алматы қаласындағы медициналық колледжінің акушерлік факультетіне оқуға түстім. Оқуымды ойдағыдай аяқтаған соң, 2001-2007 жылдары Алматы қаласындағы №2 балалар ауруханасында жұмыс істедім. 2002-2007 жылдары Қазақ ұлттық медициналық университетінде оқып, емдеу факультетінде емдеу ісі мамандығын алдым. 2007-2008 жылдары дерматовенерология мамандығы бойынша білімімді жетілдірдім.
Осылайша телегей теңізден теріп алған білімімнің арқасында 2008 жылы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасында дерматовенеролог дәрігері болып жұмысқа орналастым. 2011 жылдан бастап поликлиника меңгерушісі қызметін атқарамын. 2014 жылы дерматовенерология мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатын қорғадым. Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бөлімінде меңгеруші және орталық ауруханада бірінші санаттағы дерматовенеролог дәрігерімін. Дәрігер өз біліктілігін арттырып отыру керек. Елімізде оған қолайлы жағдай жасалған.
Жері бай, елі дархан Мойынқұм өңірі жерінің кеңдігімен ғана емес, тәуелсіздік алғалы аз жылда өндірісін өркендеткен өңірге айналған алтынды аймақ. Мұның барлығы тәуелсіздік жылдардағы Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп ойлаймын. Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында Елбасы қазақстандықтарды бірлікке ұйыстыру арқылы, жарқын болашаққа жетелер жол екенін қадап айтты. Мен әрқашан Елбасы пікірін қолдаймын.
Ассамблея сессиясында балалар ауруханасының нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Ольга Шумакованың пікірі маған үлкен ой салды. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан небір қиындықтарды бастан өткерді. Қиын шақта Отанын тастап кеткендерді де көрдік. Бірақ, біз қандай қиындық болсын Елбасының саясатын қолдап, жұмыла еңбек етіп, талай кедергілерді бірге еңсердік. Бүгінде алған бағытының дұрыс екендігіне көзі жеткен талай ұлт өкілдері татулық, тыныштық, береке орнаған Қазақстанымызға шексіз алғысын білдіруде.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support