Саясат

Тағайындау

Тағайындау

6Жамбыл облысы әкімінің 2014 жылдың 11 маусымдағы №206-ө өкімімен Талас ауданының әкімі болып Болат Қанатбайұлы Рысмендиев тағайындалды.

Б.Рысмендиев 1954 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1976 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «Зоотехния», 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ кеңшарының зоотехник-селекционері болып бастаған.1977-1992 жылдары Жамбыл облысы Красногор аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының аға зоотехник-экономисі, Шу ауданы «Ақтөбе» ұжымшарының бас зоотехнигі, Чкалов атындағы кеңшардың партком хатшысы, Жамбыл атындағы кеңшардың директоры, 1992-1993 жылдары Шу ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1993-1998 жылдары «Белбасар» АҚ-ның бас директоры, «Өнім» АҚ-ның вице-президенті, «Алтын диірмен» агроөндірістік бірлестігінің бас директоры болған. 1998-2011 жылдары Жамбыл облысы Шу, Меркі, Мойынқұм аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың қазанынан осы уақытқа дейін «КазТрансГаз» АҚ-ның компаниялар тобы газ саласындағы қызметкерлерінің кәсіптік одақтары бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келген.