Жаһан

Достық – тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы

Достық – тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында болды. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты алдында бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін көрді. Монумент өңірдің 20 этномәдени бірлестігінің бастамасымен салынған, ол түрлі ұлттардың қазақ халқына деген адал ниеті мен алғысының нышаны болып саналады. Нұрсұлтан Назарбаев түрлі этностар арасындағы достық – тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті. Қазақстан Президенті «Қоғамдық келісім» мекемесі мен өңірдің этномәдени орталықтары орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын аралады. Мемлекет басшысына этномәдени бірлестіктер өкілдері орындаған «Бірлігіміз жарасқан» деп аталатын музыкалық композиция көрсетілді.