- Advertisement -

ЭКСПО-2017 аясында әлемдік бокс жұлдыздарының жекпе-жегі өтеді

106

- Advertisement -

Бүгін WBC Конвенциясының туын көрме ұйымдастырушысы кеңсесінің штаб-пәтеріне табыстау рәсімі өтті.

Бұл WBC 55-ші мерейтойлық Конвенциясы Астана қаласында 2017 жылдың 31 тамызынан бастап 9 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 Көрмесімен тұспа-тұс өтеді дегенді білдіреді. Шараға 500 делегат қатыспақ, олардың қатарында әлем чемпиондары, меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер бар. Кәсіби бокс Федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің айтуынша, қазақстандықтар мен Көрме қонақтары әлемдік бокс майталмандарын жақыннан көруге мүмкіндіктері болмақ.

«WBC басшылары Астанаға келуге ынталы былғары қолғап шеберлерінің тізімін жіберді. Олар: Флойд Мейвейзер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли. Әйгілі жұлдыздар мен WBC белбеуіне ие барлық чемпиондар, сондай-ақ Геннадий Головкин де төбе көрсетпек. Ол уақытта Головкин өз жекпе-жегіне дайындық кезеңін бастап кетеді, дегенмен, біз оның осы шараға қатысу мүмкіндігі жайлы келіссөздер жүргіземіз», — деп атап өтті Е. Бекхожин.

Конвенция аясында қазақстандық және әлемдік жұлдыздардың қатысумен ЭКСПО-2017 төңірегінде кәсіби бокс кеші өтеді. WBC дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын иелену үшін өткізілетін жекпе-жек әлемнің 40-тан астам елінде эфирден көрсетіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support