Мәдениет

"Мөп-мөлдір көздің қарасын,Тараздан ғана табасың"

"Мөп-мөлдір көздің қарасын,Тараздан ғана табасың"

ТарМПИ студенті Үміт Ілиясова «Тараз  аруы» атанды

Орталық «Баласағұн» концерт залында «Тараз аруы – 2017» облыстық байқауы өтті. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен байқау қыз-балалардың жан дүниесіндегі көркемдік пен рухани байлықты қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдебиет пен тарихты, әдеп пен мәдениетті меңгерген білімді де білікті нәзік жандыларды тәрбиелеу, ішкі жан дүниесі мен ажары келіскен, жиырма бірінші ғасырдағы қыз баласының болмысын бүгінгі жастарға үлгі ету, бәсекеге қабілетті, дарынды, талантты қыздарды анықтау мақсатына негізделді. 6f687c3bdcf520+++d19e52032272c06fe6Сұлулар сайысына әр ауданнан және Тараз қаласынан 16 мен 22 жас аралығындағы сұңғақ бойлы, сымбатты, қазақ тілін еркін меңгерген өнерлі де өрелі 10 үміткер ару қатысты. Байқау барысында арулар өзін-өзі таныстыру, өнерлерін ортаға салу және сұрақ-жауап бөлімдері бойынша біліктіліктерін байқатты. Сондай-ақ қатысушы арулар «Набоко» серіктестігінің ұлттық нақыштағы, «LUX dress» киімдер дүкенінің кешкілік сәнді және «Bora» киім дүкендер желісінің классикалық киімдер топтамаларынан дефиле жасап, көрермендерге ұсынды. Сұлулық пен біліктілік сынға түскен байқау тартысты өтті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені ТарМПИ-дің студенті Үміт Ілиясова жеңіп алып, «Тaрaз аруы – 2017» атанды. Ал І вице-ару аталымын Жамбыл ауданының жас сұлуы Венера Сейфулла, ІІ вице-ару аталымын Жамбыл медициналық колледжінің студенті Аяжан Орынбасар, ТарМПИ студенті Назгүл Әбдіжамалова ІІІ вице-ару аталымына лайық деп табылды. Басқа да қатысушы арулар байқау серіктестіктері ұсынған номинациялар мен сертификаттарға ие болды.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».