- Advertisement -

Сана жаңғырып, сапа салтанат құрсын

117

- Advertisement -

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Шараны облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Елбасы мақаласында қазіргі қазақ қоғамындағы бірқатар маңызды мәселе-лердің шешілу жолы ұсынылғанын сөз етті.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ел игілігі үшін жасалған сәтті қадамдардың бірі болды. Бір бағытқа ғана тоқталып қалмай жан-жақты қамтыған. Мысалы, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның Үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық. Біз саяси жаңғыру мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруды қолға алып, бүгінгі күнге нақты нәтижелермен жетіп отырмыз. Президент бұл мақсатты толық орындау үшін «Санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деп нақты міндет қойды. Адамзат тарихына үңілсек, әлемдегі озық өркениеттер ұлттық сипаттан бастау алғандығын білеміз. Үшінші жаңғыруда біз әлемге еліміздің жаңаша бет-бейнесін танытуымыз қажет. Мұнда ең алдымен сапа керек. Біз өткен дәуірден қалған таптаурын қағидаларды өзгертіп, орындалмайтын «елес идеологиялардан» бойды аулақ ұстап, жаңа прагматикалық сипаттағы деңгейге қол жеткізуіміз қажет, – деді Дауыл Бейсенқұлов.
Кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық музейінің бас қор сақтаушысы Анна Крокошева аталмыш мақалаға байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысушылардың айтуынша, барша қазақстандықтар, соның ішінде азаматтық қоғам өкілдері әрдайым ұлт руханияты мен оның құндылықтарына ерекше назар аударып келеді. Әрбір жастың ұлт руханиятының қайнар бастауынан сусындап, ата тарихы мен бабалар мәдениетін ардақтай білгенде ғана жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасатынына айрықша мән береді. Сондықтан олардың Мемлекет басшысы жариялаған бірегей бағдарламалық құжат барша қазақстандықтың жаппай қолдауына ие болатынына сенімдері кәміл.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support