- Advertisement -

Балдан балыққа дейін барлық тауар ұсынылды

89

- Advertisement -

Жамбыл жерінен жеткен арзан
азық-түлік астаналықтарды дән риза етті

Таяуда өңірлердің екіжақты, өзара тиімді әріптестік қарым-қатынасын нығайту мақсатында елордамыз Астана қаласында жамбылдық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Жамбыл облысы мен Астана қаласының әкімдері Кәрім Көкірекбаев пен Әсет Исекешев сауда қатарларын аралап көрді.
«Қазақстан» спорттық кешені аумағында ұйымдастырылған жәрмеңкеге қала тұрғындары да көптеп келді. Сапалы тауарлардың жалпы көлемі 201 тоннадан астам. Астаналықтар бұл жолы ет-сүт, жеміс-жидек, шұжық, ұн, балық өнімдері мен өсімдік және мал майын нарықтағыдан 8-20 пайыз төмен бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңке барысында тұтынушыларға барлық ұсынылған жылқы еті – 15, құс еті – 7, шұжық – 11, сүт өнімдері – 21, қарақұмық – 5, күріш – 5, кондитерлік және ұн өнімдері – 7,5, өсімдік майы – 5,5, қант – 5, тұз – 5, балық – 7, бал – 2,5, кептірілген жеміс – 2, ал көкөніс пен жемістер 104 тонна, жұмыртқа 5 мың дана көлемінде болғанын да айта кету керек.
– Мұнда шаруа қожалықтары өндірген азық-түлік өнімдері облысымыздың барлық аудандарынан жеткізілді. Тауарлардың жалпы сомасы 156 миллион теңгені құрады. Біздің өңірімізде өсірілген картоп Астанадағыдан екі есе дерлік арзан, оның әр килосының бағасы 75 теңге тұрады. Пияздың да бағасы төмен. Қалған азық-түлік өнімдері де нарықтағыдан арзан өткерілді. Бұл жерден тұтынушылардың балдан бастап балыққа дейін табиғи өнімдердің түр-түрін табуына болады. Экологиялық тұрғыдан да таза, сапалы, бағасы да қолжетімді, – деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев.
Бұл іс-шара соңғы кездері Астана мен Алматы қалаларында жамбылдық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуі дәстүрге айналып келе жатқанының нақты көрінісіндей болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support