Ескірмейді махаббат...
Ескірмейді махаббат...
Келеміз біз өмірде қол ұстасып, Бірімізге-біріміз болып ғашық. Сыршыл көңіл келеді маза бермей, Қиял-ойды биікке алып қашып.
Ескірмейді махаббат, Қартайсақ та көңіл жас. Ескірмейді махаббат, Құшағыңды өмірге аш! Кеш гүлдейді көңіл де, Қызуы еш арылмас, Ескірмейді махаббат.
Қиял-ойды қарашы бұл самғаған, Махаббат та тап-таза кір шалмаған. Қыз күніңдей баяғы көрінесің, Дәл осылай жымиып тұрсаң маған.
Жұлдызымдай жарқырап көгімдегі, Бағдаршамдай жол сілтеп өмірдегі, Баяғыдай күлсең ғой ыммен ғана Жеткізіп ғашық ойды көңілдегі.