- Advertisement -

Ескірмейді махаббат…

129

- Advertisement -

Келеміз біз өмірде қол ұстасып,
Бірімізге-біріміз болып ғашық.
Сыршыл көңіл келеді маза бермей,
Қиял-ойды биікке алып қашып.

Ескірмейді махаббат,
Қартайсақ та көңіл жас.
Ескірмейді махаббат,
Құшағыңды өмірге аш!
Кеш гүлдейді көңіл де,
Қызуы еш арылмас,
Ескірмейді махаббат.

Қиял-ойды қарашы бұл самғаған,
Махаббат та тап-таза кір шалмаған.
Қыз күніңдей баяғы көрінесің,
Дәл осылай жымиып тұрсаң маған.

Жұлдызымдай жарқырап көгімдегі,
Бағдаршамдай жол сілтеп өмірдегі,
Баяғыдай күлсең ғой ыммен ғана
Жеткізіп ғашық ойды көңілдегі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support