Ұлттық экономика бірінші вице-министрі тағайындалды
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің №217 қаулысымен Руслан Дәленов ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Руслан Ерболатұлы 1975 жылы 8 ақпанда Астана қаласында туған. Ыстанбұлдағы Мармара университетін бітірген. Еңбек жолын ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде жетекші маман қызметінен бастады. Аталған министрлікте басшылық лауазымдарда қызмет етті. ҚР Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаменті Ағымдағы кірістер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, Салық комитеті Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының бастығы, Кірістерді талдау департаментінің директоры болды. 2008 жылдан ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
ақпарат көзі: Egemen.kz