Денсаулық

Цукерберг Facebook арқылы кісі өлтіру трансляцияларын болдырмауға уәде етті

Цукерберг Facebook арқылы кісі өлтіру трансляцияларын болдырмауға уәде етті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг аталмыш әлеуметтік желі Огайода қарт адамды өлтіру сынды жантүршігерлік қылмыстардың насихатталуы үшін қолданылмауына күш салатынын уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Өткен жексенбіде әлеуметтік желіні пайдаланушы Стив Стивенс 74 жастағы қарияны атып өлтірген болатын. Стивенс қылмысын жасау барысында Facebook-тің тікелей эфиріне қосылған және бұған дейін де бірнеше адамды өлтіргенін айтқан. Бірақ бұл мәлімдемелерінің нақтылығы әлі анықталмады. Кейін белгілі болғандай, Пенсильвания штатында полицейлерден қашпақ болған Стивенс, өз-өзіне қол салған. "Біз мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», - деп мәлімдеген Цукерберг қаза болған Кливленд тұрғыны Роберт Гадвиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол «компания алдында қыруар жұмыс тұрғанын» қосып өтті.

ақпарат көзі kazinform.kz