Әлеумет

Көп тіл білетіндер «Тіл алаңындаКөп тіл білетіндер «Тіл алаңында» бас қосады» бас қосады

Көп тіл білетіндер «Тіл алаңындаКөп тіл білетіндер «Тіл алаңында» бас қосады» бас қосады

Ауданда «Тіл алаңы» клубы өз жұмысын бастады. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовтың бастамасымен ұйымдастырылған орталықтың ашылу салтанатына аудан мектептеріндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шараны облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Нұрбану Молдабекова ашып, клубтың алға қойып отырған мақсат-міндеттеріне тоқталды. – «Тіл алаңы» клубы тіл үйретпейді. Ол тек жан-жақты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін аудан тұрғындарының арасында орта қалыптастырады. Себебі тілді меңгеріп алған азаматтар оны әрі қарай дамытып отырмаса, білгенінен жаңылып қалады. Сондықтан осындай бастаманы қолға алдық,– деді Нұрбану Оңғарбекқызы. Енді аудан әкімдігінің тікелей атсалысуымен клуб мүшелері түрлі тақырыптарда пікір алмасып отырады. Оған 12 мен 60 жас аралығындағы үш тілді меңгерген кез келген аудан тұрғыны қатыса алады. Клубтың бір жылға бекіген жоспарына сәйкес, басқосулар айына бір рет клуб мүшелеріне ыңғайлы орында өткізіледі. Сонымен қатар жыл соңында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, онда шараға үнемі қатысып, белсенділік танытқан клуб мүшелерін облыс әкімінің арнайы дипломымен марапаттау жоспарланып отыр.

Ерғали ҚАРТАЙҒАН, «Ақ жол».

Шу ауданы.