Мемлекет көмегін тиімді пайдалануда
Мемлекет көмегін тиімді пайдалануда
Аудандағы іргелі жеке шаруашылық құрылымдарының бірі – «Байлық» шаруа қожалығы. Бүгінде шаруашылық дихандары иелігіндегі 130 гектар жердің 50 гектарына пияз егуде. Ал қалған 80 гектар жерге қант қызылшасы егіледі. Бүгінде серіктестікте 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. – Өзімізде 10 трактор бар, тағы біреуін лизингке алдық. Қант қызылшасын егуге мемлекет тарапынан қолдау, көмек көп. Қазір ұрығын күтіп отырмыз. Ал субсидиямен бөлінген тыңайтқышты алып қойдық, – дейді аталмыш шаруа қожалығының жетекшісі Абдуманап Абдуллаев. Шаруа қожалығында тынбай тер төгіп жүрген жандардың бірі – Алексей Пак. Жиырма жылдан астам трактор тізгіндеген еңбек адамының ісі өзгелерге үлгі. Алып көліктің қыр-сырын жетік меңгерген ол жаңа техниканың мүмкіндігі көп дейді.
Мұхтар Шалғынбай, журналист.
Байзақ ауданы.