Денсаулық

Алматыда 3,5 миллиард теңгенің антиквариаттары контрабандасының жолы кесілді

Алматыда 3,5 миллиард теңгенің антиквариаттары контрабандасының жолы кесілді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметіндегілер жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі антиквариат, асыл тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар, маркалы шарап пен коньяк контрабандасының жолын кесті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәркіленген зергерлік бұйымдардың бөлшек бағасы 11 миллион доллардан (3,5 миллиард теңгеден аса) асатыны айтылады.   Алдын ала мәлімет бойынша, тауарлар халықаралық пошта арқылы Еуропа мен АҚШ елдерінен әкелінген. "Антиквариат заттардың ішінде асыл тастармен және асыл металдармен әшекейленен "Фаберже жұмыртқалары", сондай-ақ, манускриптер. ежелгі қарулар, қылыштар, семсерлер, картиналар, вазала, сирек кездесетін және 20-200 жыл сақталған алкоголь өнімдерінің 70 бөтелкесі болған", - деді Мемлекеттік кіріс департаментіндегілер. Сонымен қатар, тәркіленген заттардың тарихи құндылығын және мемлекетке келтірген шығынының көлемін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалғаны айтылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 2-бөлігі бойынша ("Экономикалық контрабанда") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. photo_36523 ad4a50f08b9aa07dc9a5becf5df90458 52769d46035f8fb6fe83aec1c757f514 11a00cb149aa475d25937b475b63cbe5 6e903991920212a98f9eb99d0610d81c