Құқық

ҚР Бас прокуроры: Жолдардың жағдайы жол-көлік оқиғаларымен тікелей байланысты

ҚР Бас прокуроры: Жолдардың жағдайы жол-көлік оқиғаларымен тікелей байланысты

Жол апаттарынан қаза болғандардың жартысынан астамы немесе 61 пайызы елді мекендерден тыс аумақта орын алды. Бұл туралы бүгін Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«Атап айтқанда, жол апаттарынан қаза болғандардың жартысынан астамы немесе 61 пайызы елді мекендерден тыс аумақты орын алған жол-көлік оқиғаларына тиесілі. Сондықтан осы ЖКО-лар жол инфрақұрылымдарындағы кемшіліктерді жою бойынша және жол қабатын жақсарту тұрғысында тиісті шаралардың қабылданбауымен тікелей байланысты», - деді Бас прокурор.

Ақмола, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері елді мекендер мен жаяу жүргіншілер орындарында тиісті бағыттауыш қоршауларды орнату бойынша салалық бағдарламаның шараларын орындамаған.

«Қарапайым жол белгілерінің болмауынан адамдар ажал құшуда. Мәселен, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында «негізгі жол» белгісінің жоқтығынан үш көліктің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды. Осындай заң бұзушылықтар еліміздің барлық өңірлеріне қатысты болып отыр», - деп түйді А.Дауылбаев

 Ақпарат көзі: www.kazinform.kz