АҚШ-та тұратын қазақ жігіті ЭКСПО-2017 көрмесін ерекше жарнамалап жүр
АҚШ-та тұратын қазақ жігіті ЭКСПО-2017 көрмесін ерекше жарнамалап жүр
Американың Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан Арман Белассар есімді отандасымыз Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне орай Қазақстанға жүзге тарта шетелдікті жібермек.
Арман қазірдің өзінде өздігінен ЭКСПО көрмесіне жарнама жасап, шетелдік меймандарды Астанаға шақыруда.
Жас кәсіпкер автокөліктерді алып-сатумен айналысады. Ол өзіне тиесілі бірқатар көліктің сыртына көрменің логотипін бейнелеген. Айтуынша, АҚШ-тың ең ірі қалаларының бірінде елімізде өтетін ауқымды шараны жарнамалау өз септігін тигізетіні сөзсіз. Шалғайда жүрсем де, еліммен мақтану – міндетім, – дейді ол.