Жамбылда не жаңалық?

Шу

Шу

азық-түлік өнімдерін сақтайтын қойма салынады

Шу қаласында кәсіпкер Айжан Аңдасбаева азық-түлік сақтайтын қойма құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Жаңа қойманың жалпы көлемі 2758,4 шаршы метр. Екі қабаттан тұратын қоймаға ауыр жүк көліктері кіре алады. Жаңа технологияның арқасында бұрын КамАЗ жүк көлігіне жүкті 3 сағат уақытта тиесе, енді бар болғаны 45 минутта тией алады. Қойманы жалға алушы кәсіпкерлер әр шаршы метріне 500 теңге төлейді.