Жаңалықтар

Galaxy S8 және Galaxy S8+ смартфондары таныстырылды

Galaxy S8 және Galaxy S8+ смартфондары таныстырылды

Нью-Йоркта Samsung компаниясы жаңа Galaxy S8 және Galaxy S8+ смартфондарын таныстырды. Олардың айырмашылығы дисплейлерінің көлемінде. Galaxy S8 және Galaxy S8+ экранының диагоналі 5,8 және 6,2 дюйм. Смартфондар екі түрлі Samsung Exynos 8895 немесе Qualcomm Snapdragon 835 процессорлы болмақ. – Ол 12 және 8 мегапиксельден тұрады. Жадының көлемі – 64 Гбайт, оперативті жады – 8 Гбайт. Сондай-ақ, олар microSD-картпен жабдықталмақ. Екеуінің де экранының жиектері иілген болып келеді. Онда батырма тетіктер де болмайды, смартфон тек виртуалды клавиштер арқылы жұмыс істейді. Ұялы телефондар нарыққа осы жылдың сәуір айының ортасында шығады.